Алматыда ер адам сүйіктісінің әкесін бауыздап тастаған

/
Алматыда ер адам сүйіктісінің әкесін бауыздап тастаған
istockphoto.com

Алматыда ер адам азаматтық некедегі әйелінің өгей әкесін бауыздап өлтірген. Жантүршігерлік оқиға далада жасөспірімдердің көз алдында болған, деп хабарлады turkystan.kz сайты AstanaTV арнасна сілтеме жасап хабарлады.

Әлеуметтік желілерде тараған видеода ер адамның жерде жатқан адамға бірнеше рет пышақ сұғып жатқанын көруге болады. Сорақысы, бұл қорқынышты оқиғаның куәгерлері – жасөспірімдер. Олар бұл сәтті видеоға түсіріп алған. Қазір күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.

«Аталған факті бойынша Медеу аудандық полиция басқармасы қылмыстық іс қозғады. Күдікті «ізін суытпай» ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазір сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Тергеу барысында қылмыстың тұрмыстық негізде, ер адамдар арасындағы жанжал кезінде жасалғаны анықталды», – деп мәлімдеді Алматы полиция департаментінің ресми өкілі Салтанат Әзірбек.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары