Куәгер Перизат Қайратқа гүл дүкенін қалай сатқанын айтып берді

/
Куәгер Перизат Қайратқа гүл дүкенін қалай сатқанын айтып берді
Ғаламтор

Қайырымдылыққа жиналған қаражатты жымқырды деп айыпталған Перизат Қайрат пен Ғайни Алашбаеваға қатысты істе тағы бір куәгерден жауап алынды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Сот отырысында кәсіпкер, Rebel Flowers гүл дүкенінің бұрынғы иесі Ләйлә Троицкая сөз сөйледі. Оның айтуынша, оған Ғайни Алашбаева хабарласып, дүкенді сатып алғысы келетінін айтқан. Кейін барлық келіссөздер мен қаржылық есептеулерді Троицкая тікелей Перизатпен жүргізген.

Тараптар 23 миллион теңге көлеміндегі сомаға келіскен. Ақша бірнеше кезеңде берілген: басында 2 миллион теңге, кейін шамамен 10 миллион теңге қолма-қол, тағы 11 миллион теңге банктік онлайн-аударымдар арқылы төленген.

Куәгердің айтуынша, бұл үдеріс барысында Talan Gallery өкілдерімен кездесулер ұйымдастырылған.

Есеп айырысқаннан кейін дүкен ресми түрде Перизат Қайраттың атына рәсімделген.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары