Жұмыссыздар мен мүмкіндігі шектеулі жандардың атына автонесие рәсімдеген қылмыстық топ ұсталды

/
Жұмыссыздар мен мүмкіндігі шектеулі жандардың атына автонесие рәсімдеген қылмыстық топ ұсталды
istockphoto.com

Прокуратура жұмыссыздар мен мүмкіндігі шектеулі азаматтарға қатысты алаяқтық жасаған қылмыстық топтың әрекетін әшкерелеп, жолын кесті, деп хабарлайды turkystan.kz.

Тергеу барысында қаскүнемдер азаматтарды көндіру арқылы екінші деңгейлі банктерде жоқ автокөліктерге заңсыз автонесиелер рәсімдегені анықталды. Олардың әрекетінен 65 адам зардап шеккен, келтірілген залалдың жалпы сомасы 250 млн теңгеден асты.

Алаяқтар алынған қаражатты жеке мақсаттарына жұмсаған. Қылмыстық топтың әрекеттерінің салдарынан жәбірленушілер кредиттік міндеттемелер бойынша қарыз болып қалған.

Кінәлі адамдарға қатысты ҚК-нің 262-бабы (ұйымдасқан топты, қылмыстық ұйымды құру және басқару, сол сияқты оларға қатысу) және 190-бабы (алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп, күдіктілер қамауға алынды.

Тергеу нәтижесінде іс сотқа жолданды.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары