Теңге бағамы жыл басынан бері 1%-ға нығайды

/
Теңге бағамы жыл басынан бері 1%-ға нығайды
istockphoto.com

Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов Үкімет отырысында теңге бағамының динамикасы туралы баяндама жасады. Оның айтуынша, жыл басынан бері теңге бағамы 1%-ға нығайып, АҚШ долларына шаққанда 519,73 теңгені құрады, деп хабарлайды turkystan.kz.

Сыртқы факторлар – әлемдегі сауда соғыстары мен Ресей рублінің нығаюы себепті нарық құбылып тұр. Сонымен қатар бір баррель мұнай бағасы 70 доллар деңгейінде тұр.

Ішкі факторларға келсек, жыл басында, алғашқы айларда импорттық сатып алула қысқарып, нәтижесінде шетел валютасына деген сұраныс азайды.

Сонымен қатар маусым айының екінші жартысынан бастап валюта нарығында шетел валютасына сұраныстың артып, теңге бағамының маусымдық ауытқулары байқалды. Негізгі факторлар – халық арасында демалыс маусымының басталуы және мемлекеттік бағдарламалар мен мемлекеттік сатып алулардың белсенді жүзеге асырылуына байланысты заңды тұлғалар тарапынан долларға деген сұраныстың өсуі. Алайда бұл өзгерістер біршама қалыпты және қысқа мерзімді сипатқа ие.

"Ішкі факторлардың маусымдық сипатын және сыртқы жағдайлардың қолайлы екенін ескере отырып, қазіргі жағдайда айырбас бағамының айтарлықтай өзгеруінің елеулі алғышарттары байқалмайды. Ұлттық банк теңге бағамының икемді қалыптасу режимін ұстануды жалғастырады, бұл теңгерімсіздіктердің жинақталуына жол бермейді", – деп толықтырды Тимур Сүлейменов.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары