Биыл бюджет кірісі жоспарлы көрсеткіштерден асып түсті

/
Биыл бюджет кірісі жоспарлы көрсеткіштерден асып түсті
Ukimet

Қазақстан экономикасы осы жылғы қаңтар-маусым айларының қорытындылары бойынша 6,2%-ға жетіп, оң өсімді көрсетуде. Бұл туралы Үкімет отырысында Премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин баяндады.

Бұл қарқын алғашқы бес айға қарағанда 0,2%-ға жоғары және соңғы 14 жылдағы ЖІӨ өсуінің ең жоғары көрсеткіші болып саналады. Салыстыру үшін, өткен жылдың ұқсас кезеңінде өсім 3,2%-ды құрады.

Экономиканың нақты секторы +8% және қызмет көрсету саласы болды, ол 5,2%-ға өсті. Көлік (+22,7%) және құрылыс (+18,4%) салалары айтарлықтай үлес қосты. Сондай-ақ саудада жандану және тау-кен өнеркәсібінде тұрақты өсу байқалады (+8,4%).Өңдеу секторы 5,5%-ға, ал ауыл шаруашылығы 3,7%-ға өсті.

 «Бірінші жартыжылдықта мемлекеттік бюджеттің кірісі 11,4 трлн теңгені құрады, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 118,8%. Бұл салық тәртібі мен Қазақстан экономикасының өсуінің нәтижесі», — деп атап өтті Серік Жұманғарин.

Жаңа салық тетіктері бюджетке шамамен 3-5 трлн теңге қосымша түсім береді. Бұл бюджеттің кіріс бөлігін нығайтуға және экономиканың өсуін ынталандыруда мемлекеттің мүмкіндіктерін кеңейтуге ықпал етеді.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары