«МузАрт» тобының әншісі «Славян базары» байқауының бас жүлдесін иеленген Алмагүл Батталиеваны құттықтады, деп хабарлады turkystan.kz.
«Сүйінші! Алмагүл Батталиева халықаралық "Славян базары" байқауында бас жүлдені қанжығасына байлады! Өте қуаныштымыз!
Кеше ғана Алла ауызыма салғандай "Мынадай орындаушылық шеберлікпен бас жүлде біздікі болуы керек", деп едім. Тағы айтайын, әулиелігім жоқ.
Алмашка, әлем мойындаған әнші бол, алтыным! Қазақстанның, Қазақ ұлттық өнер академиясының жалауын желбірете бер», – деп жазды С. Майғазиев.