Оқиға 11 шілде күні, Торайғыров көшесінде, сұлулық салонының жанында болған. Бейтаныс әйел 13 жастағы қыз балаға шабуыл жасаған. Ол қыздың шашынан тартып, жерге құлатқан, деп хабарлайды turkystan.kz.
Баланың денесі көгеріп, тізесі жарылған. Оқиға кезінде айналада көптеген ересектер болған, бірақ ешкім араласпаған, жақындап көмек көрсетпеген.
«11 шілде күні Павлодарда кәмелетке толмаған қызды себепсізден-себепсіз шашынан тартып, жерге құлатқан әйел анықталып, ұсталды. Кәмелетке толмаған қыз медициналық көмекке жүгінбеген, сонымен қатар сот-медициналық сараптама тағайындалды», – деп хабарлады Павлодар облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Оқиғаға байланысты қылмыстық іс қозғалды. Оқиғаның мән-жайы мен себептері тергеу барысында анықталады.