Чилиде күннің күрт ысуы шарап өндірісіне кері әсерін тигізуде

Чилиде күннің күрт ысуы шарап өндірісіне кері әсерін тигізуде

Чилиде күннің күрт ысуы шарап өндірісіне кері әсерін тигізуде
ашық дереккөзі
Чилиде күннің күрт ысуы шарап өндірісіне кері әсерін тигізуде деп хабарлайды 24.kz.  Чили – шарап экспорттаудан әлемде көш басындағы елдің бірі. Бұл мемлекеттен Қытай, АҚШ, Бразилия, Канада және Ұлыбритания шарап импорттайды. Жергілікті кәсіпкерлердің айтуынша, күннің күрт ысуына және өрттің жиілеуіне байланысты байланысты биылғы жиын-терім науқаны әдеттегіден ерте басталған. Жүзім өсіретін мамандардың айтуынша, температураның әдеттен тыс жоғары болуы жүзім құрамында қант пен алкогольдің көбеюіне әсер етеді. "Орман өрті кәсібімізге кесірін тигізіп, кері әсер етті. Жүзім алқабының бәрін бірдей өрт шала қойған жоқ. Дегенмен түтіннің иісі шараптың дәмін өзгертуі мүмкін. Енді қалай боларын жиын-терім аяқталғаннан кейін білеміз", - дейді шарап өндіруші Анхелика Веленсуэла.