Қазақстандық әнші «Славян базары 2025» байқауының Гран-при иегері болды

/
Қазақстандық әнші «Славян базары 2025» байқауының Гран-при иегері болды
Фото: БЕЛТА

Қазақстандық әнші Алмагүл Батталиева «Славян базары» байқауында Гран-при жүлдесін жеңіп алды, деп хабарлады turkystan.kz.

Беларусьтегі дәстүрлі «Славян базары» эстрадалық әншілер байқауының 2025 жылғы нәтижелері жарияланды.

Биылғы байқауда Қазақстан атынан қатысқан Алмагүл Батталиева ең жоғары ұпай жинап, Гран-при иегері атанды. Ол қазылар алқасынан 137 балл алып, финалда «Вечность» әнін тебірентерлік түрде орындады.

Айта кетейік, Алмагүл — Жетісу облыстық филармониясының әншісі. Байқау барысында ол әлемдік және ресейлік орындаушылардың вокалдық жағынан күрделі хиттерін шебер орындап, қазыларды ерекше дауысымен және сахнадағы харизмасымен баурап алды.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары