Жамбыл облысы Қордай ауылындағы жанармай құю бекетінде жеңіл автокөлік өртеніп, өрт үш жанармай құю колонкасына жайылды. Бұл туралы өңірлік ТЖД баспасөз қызметі мәлім етті.
Оқиға орнына шұғыл жеткен өрт сөндірушілердің жедел әрі үйлесімді әрекеттерінің арқасында жалын дер кезінде оқшауланып, толықтай сөндірілді. Абырой болғанда, зардап шеккендер жоқ.
Қазіргі уақытта өрттің шығу себебі анықталып жатыр.
Төтенше жағдайлар министрлігі жанармай құю бекеттерінде өрт қауіпсіздігі талаптарын қатаң сақтауға шақырады.