Павлодарда ұрланған көлік апатқа ұшырап, жүргізуші көз жұмды

/
Павлодарда ұрланған көлік апатқа ұшырап, жүргізуші көз жұмды
Видеодан скриншот

Павлодар қаласында екі көліктің соқтығысуы салдарынан бір адам қаза тауып, бірнеше адам жарақат алды, деп хабарлайды turkystan.kz inbusiness.kz-ке сілтеме жасап.

Жол-көлік оқиғасы қала көшелерінің қиылысында болған. Оқиға орнына үш жедел жәрдем бригадасы келіп, 1985 жылы туған ер адамның алған жарақатынан оқиға орнында көз жұмғанын анықтады. Кейін белгілі болғандай, қаза тапқан адам – апат тудырған ұрланған көліктің жүргізушісі.

Апат салдарынан 9 жасар қыз облыстық балалар ауруханасына, ал 1994 жылы туған әйел қалалық ауруханаға жеткізілді. Тағы екі жолаушы – 1960 жылы туған әйел мен 3 жасар қыз медициналық көмек алғанымен, ауруханаға жатқызуды қажет етпеді.

Павлодар облыстық Полиция департаментінің мәліметінше, апатқа себепкер болған көлікті ұрлап кеткен. Жүргізуші жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзып, жылдамдықты арттыру нәтижесінде қайғылы оқиғаға себеп болған.

Оқиғаға қатысты тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары