Батыс Қазақстан облысы Теректі ауданындағы Шалқар көлінде қайғылы оқиға болды.
БҚО ТЖ департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, 12 шілде күні Шалқар көлінде құтқарушылар 1967 жылғы ер адамның денесін судан шығарды. Марқұм белгісіз жағдайда батып кеткен.
ТЖ департаменті қызметкерлерінің сөзіне қарағанда, жыл басынан бері 23 адам суға кетсе, соның ішінде төртеуі – балалар. Соның ішінде шомылу маусымы басталған маусым айынан бері 15 адам (үшеуі – бала) қазаға ұшырады.
ТЖ департаменті судағы қауіпсіздік қағидаларын қатаң сақтау керектігін еске салады. Атап айтқанда, тыйым салынған жерлерде және түнгі уақытта суға шомылмау керек. Құтқару құралдарын пайдаланып, балаларды қараусыз қалдырмау қажет.