Белгілі музыкалық продюсер Бағым Мұхитденова бірнеше ай бұрын өмірден өткен күйеуі туралы айтып, жылап қалды, деп хабарлады turkystan.kz.
Өнер иесі өмірлік жары ауруханада 33 күн жатып қайтыс болғанын мәлім етті. Сондай-ақ ол марқұм күйеуінің еміне жездесі Тұрсын Алагөзов қаржылай көмектескенін жасырмады.
«Күйеуімнің өкпесі қабынған. Ол ауруханаға мүлде барғысы келмеді. Мен үнемі тексерілуге барайық деп айтатын едім. Күйеуім болса, Жаңа жылдан кейін барамын деп қоймады. Ал қаңтардың екісі күні оны жедел жәрдем көлігі алып кетті. Ертесіне маған хабарласып, оның жағдайы жақсы емес екенін жеткізді. Оны ИВЛ-ге қосатындарын айтты. Кейін біз дертпен ұзақ күрестік. Осы тұста жездем Тұрсын Алагөзовке ерекше алғыс айтқым келеді. Күйеуім 33 күн аппаратта болды. Біз өкпесін ауыстыруға дейін барады деп ойладық. Бірақ ол әрі қарай көтере алмай қалды. Бізде медицина қызметі өте қымбат, ал мен көп ақша таппаймын. Оның ауруханадағы әр күні өте қымбатқа түсті. Бірақ біз қолымыздан келгенше күрестік, түбінде жеңілдік. 33 күн жатып қайтыс болды. Ол төрт-ақ күн ауырып ауруханаға түсті, түсінбей де қалдық», - деді ол журналист Аман Тасығанға берген сұхбатында.