Қазақстанда саяси реформаларды жүзеге асыру үдерісі жалғасып жатыр – Ерлан Қарин

/
Қазақстанда саяси реформаларды жүзеге асыру үдерісі жалғасып жатыр – Ерлан Қарин

Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин Қазақстанда саяси реформаларды жүзеге асыру үдерісі жалғасып, мемлекеттік қызмет саласында түбегейлі өзгерістер жасалып жатқанын айтты, деп хабарлады turkystan.kz.

«5 жыл бұрын саяси реформалар аясында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ауыл әкімдерін тікелей сайлау механизмін енгізу туралы бастама көтерген болатын.

Соның нәтижесінде, кейінгі жылдары ауыл әкімдерінің корпусы 100 пайыз жаңартылды. Барлық 17 облыста жалпы саны 2 969 әкім сайланды. Олардың 864-і – өзін-өзі ұсынған үміткерлер, ал 283-і – әйелдер. Жаңа әкімдердің басым бөлігі бұрын мемлекеттік қызметте жұмыс істемегенін айта кету керек. Халық сеніміне ие болған азаматтардың қатарында мұғалімдер, дәрігерлер, шаруалар, кәсіпкерлер, жергілікті кәсіпорындар мен шаруа қожалықтарының басшылары бар. Бүгінде ауыл әкімдерінің орташа жасы – 44 жас. Сайлау нәтижесінде ауыл әкімдерінің корпусы жан-жақты жаңартылды.

Мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіру үдерісі жалғасып жатыр.

Былтыр барлық өңірде 45 аудан әкімін сайлау пилоттық режимде өтті. Ал биылдан бастап қазіргі аудан мен облыстық маңызы бар қала әкімдерінің өкілеттіктері аяқталуына қарай сайлау тікелей дауыс беру арқылы өткізіледі.

Осылайша, Қазақстанда саяси реформаларды жүзеге асыру үдерісі жалғасып, мемлекеттік қызмет саласында түбегейлі өзгерістер жасалып жатыр», - деп жазды Telegram арнасында Е. Қарин.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары