2025 жылдың мамыр айында екі келін енесінің үйінде жанжалдасқан. Оқиға салдарынан екеуі де дене жарақатын алған, деп хабарлайды turkystan.kz.
Сот отырысында айыпталушылар өз кінәсін мойындамады. Алайда олардың оқиғаға қатысы жәбірленушілердің, куәгерлердің айғақтары мен қылмыстық істің өзге де материалдарымен дәлелденді.
Сот екі әйелдің кәмелетке толмаған балалары бар екенін ескеріп, бұл мән-жайды ҚР ҚК 53-бабына сәйкес жеңілдететін жағдай ретінде қарастырды. Іс бойынша ауырлататын мән-жайлар анықталған жоқ.
Сот үкімімен екі әйел де кінәлі деп танылып, 25 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, яғни 98 300 теңге айыппұл салынды.