Солтүстік Қазақстан облысында жол жиегінде жүк көлігі әйелді қағып, ол оқиға орнында көз жұмды, деп хабарлайды turkystan.kz.
Жол-көлік оқиғасы 8 шілде күні түн ортасында жанармай бекетінің маңында болған.
Куәгерлердің айтуынша, әйел тыйым салынған бағдаршам сигналына қарамастан жолды жүгіріп өтпек болған.
Оқиға орнына келген дәрігерлер әйелдің көп жарақат пен кеуде қуысының жаншылуы салдарынан қайтыс болғанын анықтады.
Солтүстік Қазақстан облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі жол апаты 8 шілде күні Қызылжар ауданы аумағында болғанын хабарлады.
«Түнгі уақытта Петропавл – Жезқазған автожолында DAF жүк көлігінің жүргізушісі 33 жастағы жаяу жүргіншіні қағып кеткен. Әйел алған жарақаттарынан оқиға орнында қайтыс болды. Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды», – деді Полиция департаменті.
Қазіргі уақытта полиция оқиғаға қатысты тергеу амалдарын жүргізіп жатыр.