Қазақстандық жас вокалист «Славян базары» байқауында Гран-при үшін бақ сынайды

/
Қазақстандық жас вокалист «Славян базары» байқауында Гран-при үшін бақ сынайды

Қазақстандық жас вокалист Мирас Нғашыбай Беларусь елінде өтіп жатқан «Славян базары – 2025» байқауында Гран-при үшін таласады, деп хабарлады turkystan.kz сайты Kris.p.media-ға сілтеме жасап.

Мирас Нғашыбай «Славян базары» фестивалі аясындағы XXIII Халықаралық «Витебск-2025» балалар музыкалық байқауында ел намысын  қорғамақ.

Байқауға 14 елден келген жас вокалистер қатысып жатыр. Олар атақты Беларусьтің Михаил Финберг атындағы Ұлттық академиялық концерттік оркестрі сүйемелдеуімен өнер көрсетуде. Бұл – жас әртістер үшін зор тәжірибе мен кәсіби дамудың маңызды сатысы.

Мирас байқаудың алғашқы күнінде өзін сенімді көрсетсе, екінші күні көрермен жүрегін баурап алды. Ол Олег Газмановтың «Есаул» әнін ерекше эмоциямен орындап, сахнадағы әсерлі бейнесімен үлкен қошеметке ие болды. Алайда, қазылар алқасы көрерменге қарағанда қатаңырақ бағалап, екінші күні оған 67 ұпай берді. Бұл алғашқы күндегіден екі балға аз.

Екі күннің қорытындысы бойынша Мирас 136 ұпай жинап, Беларусь өкілінің нәтижесімен теңесті. Қазіргі уақытта олар екеуі де байқаудың басты жүлдесі – Гран-приді иеленуге үміткер.

Кім жеңімпаз атанып, фестивальдің басты сахнасына шығатыны жақын арада белгілі болады.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары