Мұхамеджан Тазабек отбасымен бірге Францияға аттанды

/
Мұхамеджан Тазабек отбасымен бірге Францияға аттанды

Қоғам қайраткері, айтыскер Мұхамеджан Тазабек әлеуметтік желіде Париж қаласында түскен фотоларын жариялады, деп жазды turkystan.kz.

Ол Францияға не себепті келгенін де көпшілікке түсіндіруге тырысқан.

"Парижге жалғыз келмедім. Жұбайымды, екі қызым мен ұлымды ала келдім. Қай заманнан "қызды жігіттен бұрын әкесі қыдырту керек" деген ұстанымдамын. Ер адам өзі не кисе, не ішіп не жесе де отбасына да соны жасауы керек. Ұл-қыздарыма Париждің көшесін емес, әкемен бірге жүрген бақытты балалықты естелік етіп қалдырғым келді. Ұл ер жетеді, қыз бой жетеді. Әкемен қыдырудың ауылы алыстай береді. Соны сезінуіміз керек... Отбасын қуантпаған адам Отанды ойлап жарытпайды. Елуге келіп бір түсінгенім...", - деп жазды М. Тазабек.

Ал әлеуметтік желі қолданушылары оның бұл сөзін қолдаған.

"Керемет!", "Сапарларыңыз берекелі болсын", "Дәл айттыңыз", "Көке, көпке үлгісіз", Мұқа, өте дұрыс" деп жазды олар.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары