«Сәби сүюді 16 жыл бойы күтіп жүрмін»: Жахан Отарғалиев жеке өмірі туралы айтты

/
«Сәби сүюді 16 жыл бойы күтіп жүрмін»: Жахан Отарғалиев жеке өмірі туралы айтты

Блогер, актер, продюсер Жахан Отарғалиев 9 жылдан кейін әке атанғалы жатқан блогер Елдос"Колобокты" құттықтап, өзі де 16 жыл сәби аңсап жүргенін айтты, деп хабарлады turkystan.kz.

Жахан Отарғалиев досына қатты қызыққанын айтып, Алладан үмітін үзбейтінін де жасырмады.

«Елдос үшін қуаныштымын. Видеосын бәріміз көрдік, жыладық. Қандай керемет сезім. Енді үмітімізді үзбейміз, Алла нәсіп етсе. 16 жыл күттік, тағы да сәл шыдаймыз. Алла береді ғой. Мен Елдос бауырым үшін қуаныштымын. Үнемі бір бірімізге қолдау көрсететінбіз. Алланың берері көп болсын. Колобокке қызығып, менде де болса екен деп гендер патидің идесын жазып тастадым. Дәл қазір баласы бар жандар, шүкір қылайық. Өмірде отбасыдан артық не бар?! Ақша, байлық келеді, кетеді. Мәселесі жоқ адам жоқ. Маған да көп адам жазып жатыр. Сені танымайтын, бірақ сен үшін дұға жасайтын жандардың барына Аллаға шүкір. Алла қаласа, бізде де жаңалық болады. Мен сенемін Аллаға», — дейді ол.

Желі қолданушылары Жахан Отарғалиевке қолдау білдіріп, жұбату сөздерін жарыса жазуда.

«Сол видеоны көргенде бірден есіме сен түстің. Сен үшін дұға жасадым. Жұғысты болсын», «Сізге де әке атану бұйырсын», «Халық болып сіз үшін дұға жасаймыз. Егіз ұлдың гендер патиы болсын», — деп жазды олар.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары