Әйгілі Backstreet Boys тобы Қазақстанда қос концерт өткізбек

Әйгілі Backstreet Boys тобы Қазақстанда қос концерт өткізбек
backstreetboys.com

Әйгілі америкалық Backstreet Boys тобы Қазақстанның екі қаласында концерт бермек, деп хабарлайды turkystan.kz топтың ресми сайтына сілтеме жасап.

Алматыдағы концерт 19-қыркүйекте Орталық стадионда, ал Астанадағы концерт 21-қыркүйекте Астана-аренада өтпек.

2000 жылдарда культ болған топ Қазақстанда бірінші рет өнер көрсетпек.

Алматы мен Астанадағы концерт топтың 30 жылдығына арналған әлемдік турне аясында өтпек.

Билеттер Backstreet Boys тобының ресми сайтында сатылмақ.

Ұйымдастырушылар билеттердің қай уақыттан бастап сатылатынын әлі хабарламады.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары