203
Бердімұхамедов екі орынбасарын қызметінен қуды
Бердімұхамедов екі орынбасарын қызметінен қуды
Түркіменстан көшбасшысы Гурбангулы Бердымұхамедов екі вице-премьерін жұмыстан шығарды деп хабарлайды centralasian.org.
Ұлттық экономиканы кешенді дамыту туралы үкімет есебінен соң президент осындай шешім қабылдаған. Вице-премьер Ягшыгелди Какаев мұнай және газ конденсатын өндіру 109 пайызға, ал мұнай өңдеу жоспары 105 пайызға орындалғанын хабарлаған. Ресми хабарламаға сәйкес, президент Бердымұхамедов бұл көрсеткіштерге қатысты ешқандай пікір білдірмеген. Ол "Түркіменстанның мұнай және газ саласын 2030 жылға дейін дамыту бағдарламасын" орындаудағы кемшіліктерді атап өтіп, Какевті қызметтен босатқан. Түркіменстан президентінің шешімімен, Какаевқа "Галкыныш" кеніндегі газ құбырын жобалау тапсырылды. Үкімет отырысында ауыл шаруашылығына жетекшілік ететін вице-премьер Реджеп Базаров жұмыстан шығарылды. Түркімен басшысы оның жұмысына көңілі толмайтынын мәлімдеген.