Зілтемірші Кира Данилова Азия чемпионатында алтын алды

/
Зілтемірші Кира Данилова Азия чемпионатында алтын алды
olympic.kz

Астанада жасөспірімдер мен жастар арасындағы ауыр атлетикадан Азия чемпионатының кезекті жарыс күні өтіп жатыр, деп хабарлайды turkystan.kz.

Турнир аясында 69 келіге дейінгі салмақта жасөспірім қыздар арасында сайыс өтті. Онда Қазақстан құрамасы екі бірдей медальға ие болды.

Қоссайыс нәтижесі бойынша 198 (87+111) келіні бағындырған Кира Данилова алтын медаль жеңіп алды. Софья Шальгина 175 (82+93) келі көтеріп, үшінші орынға табан тіреді.

Екінші орын өзбекстандық Динура Холдороваға бұйырды — оның көрсеткіші 186 (81+105) келі болды.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары