Қазақстанның бұрынғы бас мемлекеттік санитариялық дәрігері Айжан Есмағамбетова Жамбыл облысы әкімінің әлеуметтік мәселелер жөніндегі орынбасары болып тағайындалды, деп хабарлайды turkystan.kz.
Бұған дейін ол ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі – Бас мемлекеттік санитариялық дәрігер болған.
2024 жылдың шілдесінен бастап Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің «Халық денсаулығы ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК Басқарма төрағасы қызметін атқарған.