Әнші «Ұлың маған ұқсаған» әнінің әлі жарыққа шықпаған бейнебаянын ең бірінші ата-анасына көрсеткен, деп жазды turkystan.kz.
Жігер Ауыпбаевтың ата-анасы бейнебаянды тамашап, өз бағаларын берген. Алайда туындыны көрген олар еріксіз көздеріне жас алды. Әнші себебін сұрағанда анасы жүрегіне сақтаған сырын айтты.
«Балалар есіме түсіп кетті ғой...», – деді анасы.
Осы сөзден кейін әншінің де көңілі босап кеткен. Сондай-ақ ол жаңа бейнебаян жақында жарық көретінін еске салды.