Apple жаңа iOS 26 жүйесінде FaceTime арқылы жасалатын қоңырауларға арнайы қорғаныс қосты. Енді кадрда жалаңаш адам пайда болса, қоңырау автоматты түрде тоқтатылады, деп хабарлайды turkystan.kz 9to5mac.com-ға сілтеме жасап.
Осыдан кейін iPhone қолданушыдан сұрайды: «жалғастыру» керек пе, «тоқтату» керек пе?
Бұл функция бастапқыда балаларды қорғау мақсатында жасалған еді. Алайда қазір ол ересектерге де қолданылады. Бұл бета-нұсқаның ақауы ма, әлде енді барлық құрылғыда осылай бола ма, ол жағы әзірге белгісіз.
Apple компаниясы FaceTime бейнеқоңыраулары серверге жіберілмейтінін және барлық өңдеу құрылғының өзінде жүретінін мәлімдеді.