Доллар бағамы өсті

/
Доллар бағамы өсті
istockphoto.com

Қазақстан қор биржасындағы (KASE) күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша АҚШ долларының орташа бағамы 1,09 теңгеге өсіп, 519,57 теңгені құрады, деп хабарлайды turkystan.kz.

Қазақстан Ұлттық банкінің 3 шілдеге арналған ресми доллар бағамы – 518,37 теңге.

Kurs.kz сайтының мәліметінше, қазіргі уақытта Алматыдағы айырбастау пункттерінде долларды орта есеппен 519,3 теңгеге сатып алып, 521,06 теңгеге сатып жатыр. Астанада долларды орта есеппен 517,62 теңгеге сатып алып, 523,67 теңгеге сатып жатыр.

Еске сала кетейік, 30 маусымдағы күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 0,69 теңгеге, 1 шілдеде – 0,44 теңгеге, ал 2 шілдеде – 0,84 теңгеге төмендеген еді.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары