Биржада доллар бағасы түсті

/
Биржада доллар бағасы түсті
istockphoto.com

Қазақстан қор биржасындағы (KASE) күндізгі сауда қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 519,29 теңгені құрады. Бұл алдыңғы көрсеткіштен 0,44 теңгеге төмен, деп хабарлайды turkystan.kz.

Қазақстан Ұлттық Банкінің 1 шілдеге арналған ресми доллар бағамы – 519,64 теңге.

Kurs.kz сайтының деректеріне сәйкес, қазіргі уақытта Алматыдағы айырбастау пункттерінде долларды сатып алу орташа есеппен 519,15 теңге, сату — 520,92 теңге. Астанада долларды орташа есеппен 516,68 теңгеге сатып алып, 522,66 теңгеге сатуда.

Еске салайық, 23 маусымдағы күндізгі сауда қорытындысы бойынша доллар бағамы 1,54 теңгеге көтерілген, 24 маусымда 3,84 теңгеге, 25 маусымда 0,61 теңгеге, 26 маусымда 0,22 теңгеге төмендеген, 27 маусымда 2,02 теңгеге көтерілген, ал 30 маусымда 0,69 теңгеге төмендеген.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары