«Jenys» клубы дзюдодан әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанған Әбиба Әбужақыноваға автокөлік сыйлады. Бұл туралы спортшы әлеуметтік желідегі парақшасында мәлім етті, деп хабарлады turkystan.kz.
«1 медаль = 1 машина. Бүгін әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанғаныма «Jenys» клубы көлік атады. Ел мерейін үстем еткенде клубымыз да бізді әрқашан қолдап, жетістігімізге ерекше қуанып отырады. Өте қуаныштымын және «Jenys» клубыма ризашылығымды білдіремін»,- деп жазды дзюдошы.