Нұрлан Сауранбаев Көлік министрі болып тағайындалды

/
Нұрлан Сауранбаев Көлік министрі болып тағайындалды
primeminister.kz

Мемлекет басшысының Жарлығымен Нұрлан Ермекұлы Сауранбаев Қазақстан Республикасының Көлік министрі лауазымына тағайындалды.

Білімі

1991 жылы Әл-Фараби атындағы ҚазМУ-ді экономист мамандығы бойынша бітірген. 2001 жылы ЭНИ-АДЖИП, ЦОНП магистратурасын бітіріп, мұнай әкімшілігі магистрі квалификациясын алды. 2016 жылы Тұңғыш Президент атындағы Ұлттық қорғаныс университетін «әскери және мемлекеттік басқару» мамандығы бойынша тәмамдады. Экономика ғылымдарының кандидаты (2004).

Еңбек жолы

1991-1997 жылдары «Еңбек» ЖШС бас директоры.

1997-1998 жылы Қазақстан кәсіпкерлер конгрессінің атқарушы директоры.

1998-2000 жылы «Қазақстан темір жолы» мемлекеттік кәсіпорнының «Жолаушылар тасымалы» еншілес кәсіпорынының директоры.

2000-2002 жылдары «Атырау мұнай өңдеу зауыты» ААҚ бірінші вице-президенті.

2002-2004 жылдары «ҚазМұнайгаз» АҚ Инжинирингтік жобалар басқару және қызмет көрсету департаментінің директоры.

2004-2007 жылдары «Теңіз сервис» ЖШС бас директоры.

2007-2010 жылдары — «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ басқарушы директоры.

2010-2011 жылдары — «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ басқарма төрағасы орынбасарының кеңесшісі; басқарушы директоры.

2011-2014 жылдары — Индустрия және жаңа технологиялар вице-министрі.

2014-2016 жылдары — Қорғаныс министрінің орынбасары.

2016-2017 жылдары — ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесін дайындау және өткізу мәселелері жөніндегі штабтың ұйымдастыру комитетінің басшысы.

2017-2018 жылдары — Шымкент қаласының әкімі.

2019-2021 жылдары — Президент Әкімшілігінің Мемлекеттік бақылау және аумақтық-ұйымдастыру жұмысы бөлімінің меңгерушісі.

2021 жылдан бастап «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ басқарма төрағасы.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары