Үкімет Қостанай облысында су бұру арнасын салуға 1 млрд теңге бөлді

/
Үкімет Қостанай облысында су бұру арнасын салуға 1 млрд теңге бөлді
istockphoto.com

Қостанай облысы Қарасу ауданында су бұру арнасының құрылысына Үкімет резервінен 1 млрд теңгеқаржы бөлінді. Тиісті қаулыға Премьер-министр Олжас Бектенов қол қойды.

2024 жылғы көктемгі су тасқыны салдарынан Қарасу ауданында бес көл: Тімтуір, Қойбағар, Алабота, Биесойған және Жаншора көлдері қосылып, жалпы ауданы 621 км2 болатын су басу аймағының қалыптасуына әкелді. Ұзындығы 38 шақырымды құрайтын электр желілерінің 234 тірегі су астында қалды, бұл ауданның ЭБЖ жалпы ұзындығының 15,5%-ын құрайды. Тіректер құлаған жағдайда 2 426 абонент (10 мыңға жуық тұрғын) және 114 ауыл шаруашылығы құрылымы электр қуатынсыз қалуы мүмкін.

Сонымен қатар бұл аймақта инфрақұрылымдық маңызды нысандар, оның ішінде, облыстық және аудандық маңызы бар жолдар, байланыс желілері, егіс алқаптары мен жайылымдар орналасқан.

Жағдайды ескере отырып, Қостанай облысы әкімдігі Қарасу ауданында ұзындығы 14,2 шақырым су бұру арнасын салу жобасын әзірледі.

Жобаның жалпы құны 1,9 млрд теңгені құрайды, оның бір бөлігі облыстық бюджеттен бөлінген.

Үкімет резервінен бөлінген қаражат жұмыстарды мерзімінде аяқтауға мүмкіндік береді, бұл жалпы топырақтың дренажын жақсартуға және су тасқынының қайталануына жол бермеуге мүмкіндік береді.

 

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары