Жол-көлік оқиғасы Жабаев пен Абылайхан көшелерінің қиылысында орын алған. Оқиға орнында түсірілген бейнежазба Instagram-дағы Taldykorganec.insta паблигінде жарияланды, деп хабарлайды turkystan.kz.
«Полициямен жедел жәрдем көлігі, сондай-ақ Suzuki мен Mazda маркалы автокөліктері қатысқан жол-көлік оқиғасы бойынша материал тіркелді», – деп хабарлады Жетісу облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Қазіргі уақытта аталған оқиға бойынша тексеру жүргізілуде, барлық мән-жайлар анықталуда.