Танымал әнші Төреғали Төреәлі әкесін туған күнімен құттықтап, ерекше тілек айтты, деп хабарлады turkystan.kz.
"Құрметті, менің асқар тау әкешім! Осы күнге дейін жеткізіп, аялап, мәпелеп өсірдіңіз. Аман болыңыз, бар болыңыз, жасай беріңіз.
Шаңырағымыздың тірегі,
Балаңыздың сізге тілегі ,
Соға берсін әкеміздің жүрегі.
Сізді қатты жақсы көреміз. Үлгі тұтамыз, сыйлаймыз және құрметтейміз. Анаммен бірге бақытты, баянды ғұмыр кешіп, екі дүниедеде жүзіңіз жарқын болсын! Менің әкем – ең жақсы адам", - деді өнер иесі.