Қарағандыны су басты

/
Қарағандыны су басты
видеодан скриншот

Қарағанды нөсерден кейін Венецияға айналды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Қазақстанды қатты жауын-шашын басты. «Қазгидромет» болжамына сәйкес, 26 маусымға еліміздің барлық өңірінде дауылды ескерту жарияланды.

Қатты су басқан қалалардың бірі — Қарағанды. Мұнда нөсер жауын әлі де тоқтаған жоқ.

Қала тұрғындарының айтуынша, жаңбыр суларын ағызатын кәріз жүйелері су көлемін көтере алмай жатыр. Қаланың кейбір аудандарында жарық жоқ, бірақ «Қарағанды Жарық» мамандары ақауларды жою үстінде.

«Судың тезірек ағуы үшін люктар мен торлар ашылды — бұл судың тез кетуіне көмектесіп жатыр. Кей жерлерде су мүлде кетіп үлгерді, ал су жиналып қалған учаскелерде арнайы техника жұмыс істеп жатыр», — деді Қарағанды әкімі Мейрам Қожықов.

Сенбі күні Атырауда да қатты нөсер болды. Екі сағат ішінде бір жарым айлық жауын-шашын нормасы жауды.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары