Биржада доллар бағасы арзандады

/
Биржада доллар бағасы арзандады
istockphoto.com

Қазақстан қор биржасындағы (KASE) күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша АҚШ долларының орташа сараланған бағамы 518,34 теңгені құрап, 0,22 теңгеге төмендеді, деп хабарлайды turkystan.kz

Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің 26 маусымдағы ресми доллар бағамы – 518,5 теңге.

Kurs.kz сайтының деректеріне сәйкес, қазіргі уақытта Алматыдағы айырбастау пункттерінде долларды сатып алу орташа есеппен 518,72 теңге, сату – 520,39 теңге. Астана қаласындағы айырбастау пункттерінде долларды орта есеппен 516,8 теңгеден сатып алып, 522,8 теңгеден сатуда.

Еске сала кетейік, 23 маусымдағы күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша доллар бағамы 1,54 теңгеге өскен болатын, 24 маусымда 3,84 теңгеге, ал 25 маусымда 0,61 теңгеге төмендеді.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары