Семейде жүріп бара жатқан автобус жүргізушісін ұрған жолаушы ұсталды

/
Семейде жүріп бара жатқан автобус жүргізушісін ұрған жолаушы ұсталды
видеодан скриншот

Семейде автобус жүргізушісімен жанжалдасқан жолаушы 20 тәулікке қамалды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Куәгерлер алдыңғы күні жолаушының жүріп келе жатқан автобустың жүргізушісін ұрған сәтін видеоға түсіріп алған. Бұзақы сол күні ұсталды. Сот әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 434-бабының 2-бөлігі бойынша ұсақ бұзақылық ісін қарады.

Анықталғандай, азамат И. №2 маршруттық автобуста келе жатып, жүргізушімен жанжал кезінде оған бейәдеп сөздер айтқан. Сотта ол кінәсін ішінара мойындап, қоғамдық тәртіпті бұзғанын растады.

Сондай-ақ, маусым айының басында бұл азамат әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 434-бабының 1-бөлігі бойынша ("Спорттық және спорттық-бұқаралық, мәдени-бұқаралық іс-шараларда жеке тұлғалардың тәртіп ережелерін бұзуы") әкімшілік жауапкершілікке тартылғаны белгілі болды.

Іс материалдарын зерделеген сот азаматты кінәлі деп танып, оған 20 тәулік әкімшілік қамау түріндегі жаза тағайындады.

"Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 434-бабының 2-бөлігі қоғамдық орындарда бейәдеп сөздер айту, жеке тұлғаларға тиісу және қоғамға құрметсіздік білдіретін, қоғамдық тәртіп пен жеке тұлғалардың тыныштығын бұзатын басқа да әрекеттер үшін, егер олар бір жыл ішінде қайталап жасалған жағдайда, әкімшілік жауапкершілікті көздейді. Әкімшілік құқықбұзушылық жасағаны жиналған және зерттелген дәлелдемелермен расталады", – деп хабарлады облыстық соттың баспасөз қызметі.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары