«Табыс 100 млн теңге»: Павлодарда вейп сатумен айналысқан қылмыстық топ ұсталды

/
«Табыс 100 млн теңге»: Павлодарда вейп сатумен айналысқан қылмыстық топ ұсталды
istockphoto.com

Екібастұз қаласында электронды тұтыну жүйелерін (вейптер), оларға арналған хош иістендіргіштер мен сұйықтықтарды заңсыз айналымға шығарумен айналысқан топты анықталды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Тыйым салынған өнімдер Telegram мессенджеріндегі «VAPE SHOP MAXI MALL» арнасы арқылы сатылып, курьерлік жеткізу арқылы жіберіліп отырған.

Нәтижесінде 5 600-ден астам вейп пен олардың бөліктері тәркіленді. Аталған өнімдер сатылғанда қылмыстық табыс 100 млн теңгеден асатын еді.

Жедел-іздестіру шаралары барысында қойма мен сату нүктелері анықталды.

Ерекше назар аударатын жайт — бұл өнімдер кәмелетке толмағандар, соның ішінде мектеп оқушылары арасында кеңінен таралған. Заңсыз бизнесті ұйымдастырушылар электронды темекілерді жасөспірімдерге сатып, олардың денсаулығына қауіп төндірген.

Тергеу амалдары жалғасуда. ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етілмейді.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары