Жоғарғы соттың екі судьясы қызметінен босатылды

/
Жоғарғы соттың екі судьясы қызметінен босатылды
Фото: sud.gov.kz

Бүгін Сенаттың жалпы отырысында палата депутаттары ҚР Жоғарғы Сотының судьялары Досжан Әмір мен Герман Нұрбаевты қызметтерінен босату туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды turkystan.kz.

«Сенат депутаттары Президенттің ұсынуы бойынша Жоғарғы Соттың судьялары Әмір Сарманқұлұлы Досжан мен Герман Каримұлы Нұрбаевты қызметтерінен босату үшін дауыс берді», – деп жазды Сенат Аппаратының басшысы Максим Споткай өзінің Telegram-арнасында.

Бұл мәселе Сенаттың салалық комитетінде алдын-ала қаралған.

Әмір Сарманқұлұлы Досжан ҚР Жоғарғы Сотының судьясы болып 2022 жылғы 16 маусымдағы Сенаттың қаулысымен сайланған. ҚР Жоғарғы Сотының Қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының құрамына кірген.

Герман Каримұлы Нұрбаев ҚР Жоғарғы Сотының судьясы болып 2021 жылғы 24 маусымдағы Сенаттың қаулысымен сайланған. ҚР Жоғарғы Сотының Әкімшілік істер жөніндегі сот алқасының құрамында болған.

 

 

 

 

 

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары