Танымал әнші Меруерт Түсіпбаева Заттыбек Көпбосынұлына назын айтты, деп хабарлады turkystan.kz.
Мерует Түсіпбаева Заттыбектен ән ала алмай жүргенін жеткізді.
"Заттыбектен ән ала алмай жүргеніме жақында 3 жыл болады... Менде , облыс әкіміне үндеу жолдаймын - ау. Президент көмек бере алмады", - деп әзілдеп жазды өнер иесі.
Желі қолданушылары әншінің бұл жазбасына түрлі пікірлер қалдырды.
"Заттыбек ағайдан ресми үндеу күтеміз. Сұмдық қой мынау деген масқара", "Ешкіммен шаруасы жоқ кісі , қарапайым", "Зәке,қазақтың ерке қызына қалаған әнін беріңіз,мәрттік жасап", "Шаш иіскеді десеңіз болды мәселе шешіледіғой", - деп әзілге әзілмен жауап берген қалың оқырман қауымы.