Алматы мен Қытай маңында жер сілкінді

/
Алматы мен Қытай маңында жер сілкінді
istockphoto.com

2025 жылғы 25 маусымда Астана уақытымен 08:51:53-те ҚР ТЖМ "Сейсмологиялық бақылаулар мен зерттеулердің ұлттық ғылыми-техникалық орталығы" ЖШС сейсмикалық станциялар желісі жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды turkystan.kz.

Сейсмикалық оқиға Қытай Халық Республикасының аумағында орын алды. Эпицентрі 44,220° солтүстік ендік және 86,580° шығыс бойлық координаталарында орналасқан – Алматы қаласынан шамамен 789 шақырым солтүстік-шығыста.

Есептік деректер бойынша, жер сілкінісінің Қазақстан аумағында сезілуі тіркелген жоқ, халық пен инфрақұрылымға қауіп төніп тұрған жоқ.

Жағдай сейсмологтардың бақылауында. ҚР ТЖМ өңірдегі сейсмикалық белсенділікті бақылауды жалғастыруда.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары