Артур Шушеначев «Ақтөбе» ойыншысы атанды

/
Артур Шушеначев «Ақтөбе» ойыншысы атанды
ФОТО: Getty images

Қазақстандық 27 жастағы шабуылшы Артур Шушеначев «ақ-қызылдар» сапын толықтырды. Клуб басшылығы мен ойыншы бүгін ресми келісімшартқа қол қойды, деп хабарлады turkystan.kz.

Тараз футбол мектебінің түлегі осы уақытқа дейін отандық және шетелдік клубтар сапында ойнаған. 2024 жылы израильдік «Хапоэль Беэр-Шева», кейін ресейлік «Сочи» сапында доп теуіп келді. Оған дейін өз командасы «Таразда» ойнап, кейін біраз уақыт «Қайрат» сапында өнер көрсеткен.

Осы уақытқа дейін клубтық деңгейде барлығы 258 матчқа қатысып, 78 гол соққан.

Артур Шушеначев Қазақстан Ұлттық құрамасына шақырту алып жүрген ойыншы. Осы қазіргі сәтте Ұлттық құрама жейдесінде 7 ойынға қатысып үлгерді.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары