Ұлттық статистика бюросы қазақстандықтардың орташа жасы туралы мәліметтерді жариялады, деп хабарлады turkystan.kz.
2024 жылдың басындағы деректер бойынша Қазақстан халқының орташа жасы 32,3 жасты құраған. Соңғы бес жылда көрсеткіш 31,9 жастан өскен.
Ерлердің орташа жасы – 30,7 жас, әйелдердікі – 33,9 жас.
Өңірлер бөлінісінде ең төменгі орташа жас Түркістан облысында – 27,7 жас, сондай-ақ Маңғыстау облысы мен Шымкент қаласында – 27,8 жас.
Ең жоғары орташа жас Солтүстік Қазақстан облысында – 39,2 жас, Шығыс Қазақстан облысында – 38,9 жас және Қостанай облысында – 38 жас.
Қала халқының орташа жасы ауылдық жерлерге қарағанда жоғары – тиісінше 32,7 және 31,7 жас.