Ақтөбеде жол қозғалысы ережелерін жүйелі түрде бұзып, айналасындағыларға қауіп төндірген жүргізуші ұсталды, деп хабарлайды turkystan.kz.
Патрульдік полиция қызметкерлері шетелдік нөмірі бар Toyota көлігін тоқтатты. Белгілі болғандай, соңғы екі айдың ішінде жүргізуші 131 рет жол ережесін бұзған.
Оның «тәртіп бұзушылық тізімінде» жылдамдықты асырғаны, қауіпті маневрлер жасағаны, қызыл шамға өткені және жаяу жүргіншілер мен қозғалысқа қатысушыларға қауіп төндіретін басқа да әрекеттері бар.
Енді ол 3,5 миллион теңге көлемінде айыппұл төлеуі тиіс.