2025 жылғы 24 маусымда Астана уақыты бойынша 11:36-да ҚР ТЖМ «ҰҒЗО» ЖШС сейсмикалық станциялар желісі жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды turkystan.kz.
Жер сілкінісінің координаттары: солтүстік ендік 39,161, шығыс бойлық 71,612.
«Жер сілкінісінің ошағы Тәжікстан аумағында, Алматы қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 632 шақырым жерде орналасқан», – делінген хабарламада.
Қазақстан аумағында жер сілкінісінің сезілуі туралы мәлімет жоқ.
Бұған дейін Қырғызстанда күшті жер сілкінісі болған.