Биржада доллар бағасы 4 теңгеге арзандады

/
Биржада доллар бағасы 4 теңгеге арзандады
istockphoto.com

Қазақстан қор биржасындағы (KASE) күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша АҚШ долларының орташа бағамы 519,26 теңгені құрады. Осылайша доллар бір тәулікте 3,84 теңгеге арзандады, деп хабарлайды turkystan.kz.

Қазақстандағы айырбастау пунктерінде валюталардың орташа бағамы келесідей:

доллар: сатып алу – 519,5-520 теңге, сату – 520,5-521 теңге;

еуро: сатып алу – 601-602 теңге, сату – 605-606 теңге;

рубль: сатып алу – 6,5-6,55 теңге, сату – 6,6-6,65 теңге.

ICE биржасындағы Brent маркалы мұнайының тамыз айындағы фьючерстік бағасы бір баррель үшін 69,1 долларды құрап отыр.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары