Джастин Тимберлейк пен Джессика Билл екінші сәбиін күтіп жүр

Джастин Тимберлейк пен Джессика Билл екінші сәбиін күтіп жүр

Джастин Тимберлейк пен Джессика Билл екінші сәбиін күтіп жүр
ашық дереккөзі
Голливудтың ең әдемі жұптарының бірі Джастин Тимберлейк пен Джессика Билл екінші мәрте ата-ана атануға дайындалып жүр. Жұлдызды жұп бұл ақпаратты әзірге ресми түрде растамады. Билл  бұйырса жыл соңында босанбақ. Дегенмен ақпарат берген дереккөз олардың қыз бала қалайтындарын айтқан. Ұлдары Сайлас қазір бір жарым жаста. Джастин Тимберлейк пен Джессика Бил 2012 жылы отбасын құрған. Олардың тойы Голливудтағы ең қымбатқа түскен той болды. Қуаныштарын Италияда атап өткен олар 6,5 млн доллар жұмсаған. Тұңғыштары Сайлас 2015 жылы дүниеге келді. Ұлы туғаннан кейін Джастин өмірінің де, өзінің де өзгергенін айтқан болатын. Олардың ендігі арманы – көп балалы ата-ана болу.