Жамбыл облысында ҰҚК қызметкерлері жол апатынан қаза тапты

/
Жамбыл облысында ҰҚК қызметкерлері жол апатынан қаза тапты
Halyqstan

Тараз қаласында жол-көлік оқиғасы салдарынан Жамбыл облысы ҰҚКД қызметкерлері қаза тапты. Апат демалыс күндері, олар түнде демалыстан қайтып келе жатқанда болған, деп хабарлайды turkystan.kz.

Шөлдала массиві жағынан Бектөбе ауылына қарай бағыт алған Toyota Camry көлігі қала шекарасынан шыға бере Тараз қаласынан Айша бибі ауылы бағытында келе жатқан Mitsubishi Pajero көлігімен соқтығысқан.

Оқиға орнында 31 жастағы майор Ағыбай Ф. өмірімен үйлеспейтін жарақаттар алып, қаза тапты. Онымен бірге болған әріптесі Максим Е. қалалық көпсалалы ауруханаға «жабық бас-ми жарақаты, мидың шайқалуы, сол аяқтың жабық сынығы» диагнозымен жеткізілді. Ол келесі күні ауруханада көз жұмды.

Олармен бірге болған ер адам мен әйел, сондай-ақ Mitsubishi Pajero көлігінің жүргізушісі мен жолаушысы түрлі жарақаттармен ауруханаға жеткізілді.

Бейресми мәліметтер бойынша, Toyota Camry жүргізушісі алкогольдік масаң күйде болған.

Аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы 3-бөлігі — “Абайсызда адам өліміне әкеп соққан жол қозғалысы ережелерін бұзу” бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары