3 жастағы баланы трактормен езіп кеткен жеткіншек сотталды

/
3 жастағы баланы трактормен езіп кеткен жеткіншек сотталды
Ашық дереккөзден

Әзербайжандағы ауыр қылмыстар жөніндегі сотта үш жасар баланың өліміне байланысты айыпталған 17 жастағы жасөспірімге қатысты қылмыстық іс қаралып бітті, деп хабарлады turkystan.kz.

Oxu.Az мәлімдеуінше, сот процесінің қорытындысында М. Амиров 5 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылды. Ол үкім жарияланғаннан кейін бірден сот залында қамауға алынды.

Іс материалдарына сәйкес, қайғылы оқиға Жалилбад ауданының Узунтепе ауылында болған. Жасөспірім әкесіне тиесілі тракторды жүргізіп, дәл сол сәтте оның үш жасар көршісі Жахид Вахабов трактор мен тіркеменің ортасында қысылып қалған. Бала шұғыл түрде ауруханаға жеткізілгенімен, дәрігерлердің барлық әрекетіне қарамастан, оны құтқару мүмкін болмады. Үш жастағы сәби алған жарақаттарынан қайтыс болды.

Айта кету керек, бастапқыда айыпталушы дәрігерлерге баланың баспалдақтан құлап кеткенін айтып, жалған ақпарат берген. Алайда тергеу барысында бүлдіршіннің өліміне трактордың себеп болғаны анықталды.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары