«Дәретханадан басқасының бәрін жариялайды»: Меруерт Түсіпбаева өнер адамдарының іс-әрекетін сынға алды

/
«Дәретханадан басқасының бәрін жариялайды»: Меруерт Түсіпбаева өнер адамдарының іс-әрекетін сынға алды
Ашық дереккөзден

Танымал әнші Меруерт Түсіпбаева мобилограф ертіп жүретін желі жұлдыздарына сын айтты, деп хабарлады turkystan.kz.

Өнер иесі әр қадамын желіге жарыса жүктейтін жұлдыздардың әрекетін дұрыс көрмейтінін жеткізді.

«Көптен бері осы мәселені көтергім келген. Ашық айту керек , ашық жазу керек! Және бұзауын соңынан еріткен сиырдай мобилографты жанынан бір елі қалдырмай , дәретханаға барғанының басқасын түсіріп , желіге салатындарды , өз басым түсінбей өтермін бұл заманнан.  Ана жолы , бір танымал адамның ұлының тойында , ұйымдастырушы ивент қызметкерлері , кәдімгідей тойхана есігінде тұрып алып , мобилографтарды кіргізбей, үстінде сіздерге арнайы стол жайылды деп айтып жатқанын құлағым шалып қалды. Сол дұрыс. Ондай жағдайға түсінікпен қарау керек! Тойханада әр қонақтың орны белгіленген, төленген.  Соған қарамастан , көп блогер/әншілердің жанында мобилографтар еріп жүрді , дастархан басында отырды …. Бұл статистика, контент деген бір пәле болды ғой…», - деді әнші әлеуметтік желідегі парақшасында.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары