Тоқаев: «Таза Қазақстан» – тек қоршаған ортаның тазалығы емес, ой мен сана тазалығын сақтау деген сөз

/
Тоқаев: «Таза Қазақстан» – тек қоршаған ортаның тазалығы емес, ой мен сана тазалығын сақтау деген сөз
Ақорда

Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен құқық қорғау органдарының кеңейтілген алқа мәжілісі өтіп жатыр. Мәжілісте сөз сөйлеген Президент халықтың кең қолдауына ие болған «Таза Қазақстан» бастамасына тоқталды.

«Заң және тәртіп» қағидаты жауапкершілікті сезіну мәдениетімен тығыз байланысты. Елімізде «Таза Қазақстан» жалпыұлттық науқаны жүріп жатқанын білесіздер. Бұл маңызды бастама халықтың кең қолдауына ие болды. «Таза Қазақстан» – озық ойлы қоғам құруға арналған идеологиялық тұғырнаманың ажырамас бөлігі. Бұл – тек қоршаған ортаның тазалығын емес, ой мен сана тазалығын сақтау деген сөз. Себебі қоғамдық әдеп пен заңға деген құрмет айналадағы тазалықтан басталады.

Жалпы, халықтың құқықтық мәдениетін көтеруге жан-жақты қараған жөн. Бүгін мен «Заң және тәртіп» апталығын жариялауды ұйғардым. Осы апта қоғамда заң мен тәртіпті насихаттау аптасы болмақ. Алдағы жеті күн құқықтық мәдениетті нығайтуға, сондай-ақ құқық қорғау органдарының абырой-беделін арттыруға арналуы керек. Алайда, бұл бір реттік акция емес. «Заң және тәртіп» апталығына азаматтардың құқықтық сана-сезімін көтеретін маңызды, жүйелі шара ретінде қараған жөн», - деді ол.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары