"Мен – бақытсызбын" деп өзін құрбан жасап, тағдырына налып отыратындар көбейіп кетті" – Гүлзира Айдарбекова

"Мен – бақытсызбын" деп өзін құрбан жасап, тағдырына налып отыратындар көбейіп кетті" – Гүлзира Айдарбекова
Ашық дереккөзден

Продюсер, әнші Қайрат Нұртастың анасы Гүлзира Айдарбекова жақсы сөйлеуге, барды бағалауға шақырды.

"Жайма шуақ жаз шыққалы, қаншама қызды ұзатып, жігіттерді үйлендіріп, тұсау кесер, бесік той, тойдан той болып жатыр. Күніге инстадан өзге елдегі соғысты, ашаршылықты көріп жүрегіміз сыздайды. Біздің де ертеңгі күніміз қалай болады, бір Құдайға аян. Тойға бара жатып, шіркін ай, біздің еліміздің көргені тек той болса екен деп іштей тілеп қоямыз. Баяғыда ата-әжелеріміз біреудің қайғысына барса да, арты той болсын деп бата бермей кетпейтін. Жақсы сөз жарым ырыс! Болмашыға ренжіп, не болмаса өсекпен уақытын өткізетіндер қаншама, мен бақытсызбын деп өзін жертва жасап, аянышты көрсетіп тағдырына налып отырғандар тіптен көбейіп хайп жасаумен әлек. Өз өмірлеріңізді солармен салыстырып, шүкір деп неге жақсы сөйлей алмаймыз, неге бағаламаймыз? Жамандықтан сақтасын, ол кезде ақша да дүние де керексіз, ойлағаныңыз шыбын жаныңыз болатынын білесіз, 5 саусақ бірдей тең емес, сол сияқты тәубасына келсін деп, түрлі сынақтарға толы тағдырларды көрсетіп қояды екен. Көргеніміз той болсын деп жаза кетіңіздер! Әр шаңырақта дүркіреген той болсын!", – деп жазды продюсер. 

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары